«Қазаэронавигация» РМК Өскемен филиалында ұшақтың ұшуы жаңартылмақ
Салынған уақыты 09.06.2020 16:49
«Қазаэронавигация» РМК Өскемен филиалында төтенше жағдайдың жүргізілуіне байланысты (2020 жылғы 16 наурыздан бастап) COVID-19 таралуына жол бермеу бойынша барлық тиісті шаралар күшейтілді. Филиал қызметкерлеріне қажетті санитарлық және дезинфекциялық керек-жарақтары берілді. Сондай-ақ, филиал басшылығы тұрғындармен тығыз қарым-қатынасты азайту үшін қызметтік автокөліктердің көмегімен қызметкерлерді уақытылы жеткізуді ұйымдастырды.
Қазіргі уақытта, ТЖ жойылғаннан кейін, негізгі әуе бағыттары бойынша тұрақты ұшулар біртіндеп жаңартылуда. Күн сайын авиациялық жұмыстар, санитарлық авиация бойынша, сондай-ақ орманды бақылау бойынша әуе кемелерінің ұшуы жүзеге асырылады. Филиалдың жеке құрамы ұшу қауіпсіздігі мен тұрақтылығының тиісті деңгейін қамтамасыз ету үшін барлық жауапкершілікті сезіне отырып, әуе қозғалысына қызмет көрсету бойынша өзінің лауазымдық міндеттерін сапалы орындауда. Біліктілік деңгейін қолдау және арттыру үшін ӘҚҚ қызметінің ауысымдарында кәсіби оқу сабақтары жүргізіледі. Бұл ретте филиалда ҚР Бас санитарлық дәрігерінің ұсынылған карантиндік шараларын ұстанады.
Қазақстандағы және әлемдік қоғамдағы ерекше маңызды және жағдайды түсіне отырып, Өскемен филиалының әрбір қызметкері ҚР авиация саласын қалпына келтіру және дамыту үшін өз үлесін қосуда.
3836