ruenkz

Airbus ұшақтарда кез келген вирустың болуын анықтайтын құрал орнатады

Салынған уақыты 04.06.2020 15:23

Airbus француз әуе құрылысы корпорациясы революциялық жаңалық жариялады. Енді кез келген вирусты, соның ішінде COVID-19 жұқтырған жолаушыларды қатесіз анықтауға болады.

Airbus және Koniku Inc әзірлеп шығарған жаңа технология вирустың болуын иіске қарай анықтай алады. Бұл келесідей жұмыс істейді: ұшақтың салонында арнайы датчик-ұстағыштар орнатылады. Алдын ала бағдарламаланған иістің гендік-модификацияланған рецепторлары борттағы хош иістердің барлық гаммасын мұқият жинап алып, талдайды және оларды жекелеген химиялық құрамдастарға ыдыратады. Ақырында, компьютерлік мидың «қызыл аймағында» бар эталондық «үлгілермен» сәйкес келген жағдайда жүйе сигнал береді және қауіп шыққан нақты орынды көрсетеді. Осылайша, жұқтырғандарды қатесіз және іс жүзінде дереу анықтауға және одан әрі айналасындағыларға жұқтыруға жол бермеу үшін шара қабылдауға мүмкіндік беретін технология пайда болды.

Әзірлеушілер жаңа өнімнің тағы бір пайдалы функционалдық ерекшелігін көрсетеді. COVID-19 вирусынан басқа, технология ең төменгі концентрациялардағы кез келген биологиялық қауіптерді, сондай-ақ тасымалдауға тыйым салынған химиялық және жарылғыш заттарды анықтауға мүмкіндік береді. Сынақ қазірдің өзінде жоспарланып қойған және 2020 жылдың төртінші тоқсанында өткізілмек. Егер олар сәтті деп танылса, авиациялық нарықты шынайы революция күтіп тұр: әуежайлар мен тасымалдаушыларға кедергі болатын көптеген қауіпсіздік мәселелері ұзақ уақытқа шешілетін болады.

3247