ruenkz

Қазақстан әзірше шетелге ұшып бастауды жоспарлап отырған жоқ

Салынған уақыты 04.06.2020 11:54

Қазақстандықтарға билет сатып алуды халықаралық рейстердің ұшуына ресми түрде рұқсат берілгенге дейін кейінге қалдыра тұруды ұсынды.

Көліктегі Бас мемлекеттік санитариялық дәрігер Сәдуақас Байғабұлов қазақстандықтарға халықаралық бағыттар бойынша авиабилеттерді сатып алудан бас тартуды ұсынды.

Бас көлік санитариялық дәрігер дәл қазір халықаралық бағыттар бойынша әуе рейстеріне билет сатып алу қауіпсіз емес екенін атап өтті. Ол атап өткендей, қазір Қазақстанда ресми түрде әуе қатынасына тек ел ішінде ғана рұқсат етілген, халықаралық рейстер әзірге жабық күйінде қалып отыр.

Байғабылов елдегі ішкі рейстердің де біртіндеп іске қосылғанын ескертті.

Бұған дейін осындай мәлімдемені азаматтық авиация комитеті де жасаған болатын. Ведомствоның мәліметі бойынша, әр түрлі сайттарда Қазақстаннан шетелге және кері қарай билет сату басталды, бірақ бұл ол рейстің шын мәнінде орындалуына кепіл деген сөз емес.

Айта кетейік, Қазақстанда бірінші мамырдан бастап әуе қатынасы кезең-кезеңімен қалпына келтірілді. Бастапқыда жолаушылардан коронавирусқа теріс ПТР-тест туралы анықтама талап етілді.

Кейінірек бұл талап жойылды. Бірінші маусымнан бастап еліміздегі бекеттер алынып, республика қалалары арасында теміржол мен автомобиль қатынасы қалпына келтірілді.

3662