ruenkz

Emirates тегін Wi-Fi мен ұшу кезіндегі тікелей трансляцияларды алып тастады

Салынған уақыты 03.06.2020 11:43

Әлемдегі ең ірі авиакомпаниялардың бірі – Emirates ұшақ бортындағы сервистік қызметтерді азайта бастады. Демалыс күндері тасымалдаушы тегін Wi-Fi және ұшу кезіндегі тікелей трансляцияны алып тастады. Бұл опциялар енді жолаушыларға қолжетімсіз, деп жазады Simple Flying басылымы.

Енді авиакомпанияның барлық клиенттеріне сымсыз интернетті пайдалану үшін қосымша ақы төлеуге тура келеді. Баға рейстің бағыты мен ұзақтығына байланысты болады. Бұрын лимитсіз Wi-Fi бірінші және бизнес-класс саяхатшыларына, сондай-ақ Skywards адалдық бағдарламасында Gold және Platinum мәртебесі бар эконом-класс жолаушыларына қолжетімді болды. ICE ойын-сауық жүйесі шеңберінде де бортта тікелей трансляциялар алынып тасталды. Алайда Emirates кез келген талғамға арналған әртүрлі фильмдер мен телешоу бағдарламаларын бұрынғысынша қалдырды.  

Emirates авиакомпаниясы ойын-сауық сервисін шектеу арқылы COVID-19 пандемиясы жағдайында тасымалдау шығындарын азайта бастағандардың бірі болды. Жақында басқа тасымалдаушылар да Араб компаниясының осы әрекетін қайталауы мүмкін. Emirates коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу және жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге үлкен көңіл бөлгенін айта кету керек. Авиакомпания әлемде бірінші болып ұшар алдында тест жүргізе бастады, сондай-ақ ұшақ бортында жұқтыру қаупін төмендету мақсатында қол жүгін тасымалдауға тыйым салды.

3302