IATA жаңа карантинге қарсы пікір білдірді
Салынған уақыты 01.06.2020 10:46
Халықаралық әуе көлігі қауымдастығының (IATA) басшысы Александр де Жюньяктың пікірінше, бірқатар елдердің билігі енгізген туристер үшін міндетті карантин мүлдем пайдасыз деп хабарлайды CNBC.
Ұйымның атынан ол елдерді шетелден келген азаматтар екі апта бойы оқшаулануы тиіс болатын карантиндік шаралардан бас тартуға шақырды. Жолаушыларға жаппай күдікпен қарап, халықаралық әуе қатынасын қалпына келтіру мүмкін емес. Ал пандемияға қарсы күресте алдын алу шараларын ұшып шығу әуежайларында енгізу әлдеқайда тиімді.
Оның пікірінше, авиакомпаниялардың ұшар алдында термометрия, бетперде және қолғап режимін енгізгені, салондарды дезинфекциялағаны жеткілікті.
3335