Балалар-біздің болашағымыз!
Салынған уақыты 29.05.2020 17:30
Балаларды қорғау күні қарсаңында Ақтау филиалында «Менің сүйікті ертегім» тақырыбында балалар суреті байқауы ұйымдастырылды. Балалар әртүрлі ертегілердің кейіпкерлерін бейнелеген.
Байқау нәтижесі бойынша жеңімпаздар анықталды. Бірінші орынды «Балықшы мен балық» ертегісімен Шубина Мария иеленді. Екінші орын «Ханшайым, ханзада және айдаһар» ертегісін салған Ерболат Мейіржанға бұйырды. Ал үшінші орынды Иса Кәусар («Қызыл телпек») және Әбдразахов Даниял («Алдар көсе») иеленді. Оларға естелік сыйлықтар тапсырылды.
3723