Француздық ұшақ қонбай ұшатын ең ұзақ рейсті орындады
Салынған уақыты 29.05.2020 10:57
«French bee лоукостер авиакомпаниясы Француз Таити аралынан Парижге дейін қонбай ұшатын ең ұзақ рейсті орындады, ұшақ 16 мыңнан астам километр ұшып өтіп, алдыңғы рекордты жаңартты», - деп хабарлайды Tengrinews.kz РИА Новости дереккөзіне сілтеме жасап.
«Әлемдік рекорд жаңартылды. French bee өзінің Airbus A350-900 ұшағы 16 сағат және 49 минут ішінде Таити мен Париж арасында Орли әуежайына дейін16 129 шақырымды бағындырып, қонбай ұшатын ең ұзақ ішкі рейсті орындағанын қуана хабарлайды. Оның бортында Тынық мұхитындағы Францияның теңіздің арғы жағындағы қоғамдастығына арналған 20 тонна дәрі-дәрмек болды», - делінген компаниясының Twitter парақшасындағы хабарламасында. BFMTV телеарнасы ұшақ бастапқыда 12 мамыр күні Франциядан Француздық Полинезияға қарай ұшып шықты, содан кейін жұма күні Таити Фааа халықаралық әуежайынан ұшып шыққан әуе кемесі Парижге келіп қонғанын айтады.
2019 жылдың қазан айында Boeing 787-9 Нью-Йорктен Сиднейге дейін 19 сағат және 16 минутқа созылған тікелей рейсті орындады, алайда бұл екі ел арасындағы ұшу тестілік сипатта өтті.
3405