Ryanair рейстерін қалпына келтіреді
Салынған уақыты 28.05.2020 16:07
2020 жылдың 1 шілдесінен бастап Ирландияның Ryanair авиакомпаниясы өз қызметін қайта бастайды. Лоукостер өз кестесінен рейстердің 40%-ын қалпына келтіруді жоспарлап отыр, бұл оған күн сайын 1000 жуық ұшуды орындауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар жолаушылар үшін әуежайда және ұшақ бортында жаңа тәртіп ережелері енгізіледі, деп хабарлайды Simple Flying басылымы.
Ұшу қызметін қалпына келтіру лоукост-компанияға өз маршруттарының шамамен 90%-ын қамтуға мүмкіндік береді. Ryanair баспасөз қызметі ұсынған ақпаратқа сәйкес, тасымалдаушы флотындағы әуе кемелерінің көпшілігі жолаушыларсыз бірнеше ұшуды жүзеге асырып, қажетті сервистік қызмет көрсетуден өтті, олар енді жұмысқа дайын.
Вирустық инфекцияның таралуын болдырмау мақсатында авиакомпания саяхатшыларға жаңа талаптар әзірледі. Енді туристерге аэровокзалдарда артық қарым-қатынастан аулақ болу үшін онлайн-тіркелуді жиі пайдалану ұсынылады. Әуе кемесінің бортына өтуге температурасы тексерілген, бетіне бетперде киген жолаушыларға ғана рұқсат етіледі. Бүкіл ұшу уақытында саяхатшыларға өз орындарында қалуға тура келеді.
3222