Ресейде тоқтатылған рейстер үшін ваучерлермен алаяқтық жасаудың жаңа түрі пайда болды
Салынған уақыты 26.05.2020 14:05
Ресейде тоқтатылған авиарейстер үшін ваучерлер алуға байланысты алаяқтықтың жаңа түрі тіркелді. Алаяқтар авиатасымалдаушылардың атынан клиенттерге кейінгі сапарлары үшін ваучерлер ресімдеуді ұсынып, жеке банктік карталарынан ақша шешіп ала бастады. Бұл туралы 13 мамырда ВТБ-банктің карталарға қызмет көрсету департаментіне сілтеме жасай отырып, РБК ақпарат агенттігі хабарлады.
Алаяқтық келесі схема бойынша құрылады: алдымен жолаушыға авиакомпания атынан қоңырау шалып, пайдаланылмаған билеттердің орнына ваучер сатып алуды ұсынады. Егер клиент бас тартса және жұмсалған қаржыны қайтаруды талап етсе, оған «жедел тәртіпте» осы мәселені шешуді ұсынады. Диалог соңында адам өзінің банк картасының деректерін қайта жіберуді және қызметтер үшін келісілген соманы шешіп алу үшін СМС кодын көрсетуді сұрайды. Нәтижесінде клиент шотындағы барлық ақшасынан айырылады.
Ваучер алу үшін авиакомпанияға бірінші болып жолаушының өзі баруы тиіс екенін естен шығармау керек, тасымалдаушылар клиенттерге телефон шалмайды. Әзірге бұл алаяқтық түрі тек ВТБ клиенттерінің арасында тіркелген. Басқа ірі банктер мұндай оқиғалар туралы әлі хабарлаған жоқ. 12 мамырда жолаушыларға ақшалай қаражатты қайтарудың орнына оларға қосымша бонустар мен жеңілдіктерді қоса отырып, осыған ұқсас сомаға ваучерлер ұсынылатын заң жобасы қабылданды.
3293