ruenkz

Turkish Airlines шетелге авиақатынасты қалпына келтіру кестесін жариялады

Салынған уақыты 25.05.2020 11:03

Түрік тасымалдаушысы Turkish Airlines халықаралық авиатасымалдарды қалпына келтіру жоспарын жариялады. Авиакомпания басшылығы Түркиядан тыс ұшатын рейстерді біртіндеп қайтаруды жоспарлап отыр. Бұл туралы тасымалдаушының ресми сайтында хабарланған.

Turkish Airlines авиакомпаниясы шетелге рейстерді 2020 жылдың 28 мамырынан бастап орындауды жоспарлап отыр. Бірінші кезеңде құрамына Грузия, Қазақстан, Белоруссия кіретін 22 елмен әуе қатынасын қалпына келтіру жоспарлануда. Тізімде коронавирус  індетін «ауыздықтап», оның таралуына жол бермеген мемлекеттер де бар.

607