Алматы әуежайында жаңа терминал 2022 жылы ашылады
Салынған уақыты 22.05.2020 16:52
Алматыға жұмыс сапарымен барған Қазақстан Президенті оңтүстік астананың халықаралық әуежайын қайта жаңарту жоспарымен танысты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
TAV Airport Holding түрік компаниясы бас директорының орынбасары Серкан Каптан Мемлекет басшысын әуе айлағының жаңа терминалының құрылысы туралы айтып берді. Жоба құны 150 млн еуроға бағаланып отыр, терминалдың жалпы ауданы 55 мың шаршы метрді, жолаушылар ағыны - жылына 6 млн адамды құрайды. Терминал 2022 жылдың II тоқсанында ашылады деп күтілуде.
Қасым-Жомарт Тоқаев қайта жаңарту жұмыстары аяқталғаннан кейін Алматы әуежайының Орталық Азиядағы ең ірі авиациялық хабқа айналатынына сенім білдірді.
3461