ruenkz

IATA жолаушылар арасындағы бос орындықтарға қарсылық білдірді

Салынған уақыты 22.05.2020 13:53

Халықаралық әуе көлігі қауымдастығы (ІАТА) әуе қатынасы қалпына келгеннен кейін коронавирустан қорғаудың уақытша шарасы ретінде бортта міндетті түрде бетперде киіп жүруді қолдайды. Сонымен қатар, қауымдастық жолаушылар арасында бос орындықтар қалдыруды көздейтін әлеуметтік қашықтық шараларына қарсы, деп жазады Интерфакс-Қазақстан.

«Қолда бар мәліметтерге сүйенсек, әуе кемесінің бортында инфекцияның таралу қаупі жоғары емес. Қауіпті одан әрі азайту үшін жолаушылар мен экипаждың бетперде киіп жүруі жеткілікті, ал әлеуметтік қашықтық шаралары авиаұшулар құнының күрт көтерілуіне әкелуі мүмкін", - делінген IATA хабарламасында.

Қауымдастықтың 18 ірі авиакомпания арасында жүргізген бейресми сауалнамасы бойынша  2020 жылдың қаңтар-наурыз айларында COVID-19 вирусының ұшу кезінде таралуының тек үш эпизоды анықталды, олардың барлығы вирустың жолаушыдан экипажға берілу жағдайлары. Тағы төрт эпизод вирустың әуеде немесе тоқтауды қоса алғанда, ұшуға дейін/одан кейін ұшқыштан ұшқышқа берілу жағдайлары бойынша анықталды. Хабарламада инфекцияның жолаушыдан жолаушыға берілу жағдайлары тіркелген жоқ делінген.

3323