ruenkz

Халықаралық авиадиспетчерлер күнімен

Салынған уақыты 20.10.2025 10:54

Құрметті әріптестер!
Сіздерді Әуе қозғалысын басқарушылардың халықаралық күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Сіздердің еңбектеріңіз — бүкіл авиация саласының қауіпсіздігі мен тұрақтылығының негізі. Күн сайын сіздер ұшақтардың нақты, үйлесімді және қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз етіп, зор жауапкершілікті абыроймен атқарып келесіздер. Сіздердің кәсібиліктеріңіздің, сабырлылықтарыңыздың және жанқиярлық еңбектеріңіздің арқасында Қазақстан аспаны сенімді және басқарылатын күйде қалып отыр.

Бүгінде аэронавигация саласы қарқынды дамып, заманауи технологиялар, цифрлық шешімдер мен инновациялық әуе қозғалысын басқару жүйелері енгізілуде. Ал осы өзгерістердің дәл ортасында — сіздер, әуе диспетчерлері тұрсыздар. Сіздер өз кәсібіңізге деген адалдық пен жоғары жұмыс стандарттарын сақтай отырып, қауіпсіздіктің басты кепілі – адам шеберлігі екенін тағы да дәлелдеп келесіздер.

Білімдеріңіз бен тәжірибелеріңіз еліміздің аэронавигация жүйесін одан әрі дамытуға және Қазақстанның халықаралық авиациялық қауымдастықтағы беделін нығайтуға қызмет ете берсін.

Сіздерге мықты денсаулық, әр шешімде сенімділік, отбасыңызға амандық пен кәсіби шабыт тілеймін. Өмірлеріңіздегі әр күн өздеріңіз таңдаған абыройлы іске деген мақтаныш сезімімен өрілсін!

Құрметпен,
Ф.Ф. Богдашкин
«Қазаэронавигация» РМК Бас директоры

2032