ruenkz

Авиатасымалдың жаңа ережелері

Салынған уақыты 21.05.2020 10:05

Әуе қатынасы қалпына келтірілгеннен кейін авиажолаушылар ұшаққа отыру үшін біраз уақыт күтуге мәжбүр болуы мүмкін деген болжам бар. Бұл туралы The Sun жазады.

Сарапшылардың айтуынша, барлық авиажолаушылар коронавирустық кезеңнен кейін рейске онлайн-режимде тіркелетін болады. Саяхатшылар әуежайға тек «денсаулық паспортымен» және  бетперде, қолғап және санитайзер сияқты қорғау құралдарының міндетті жиынтығымен жіберілетін болады. Құжатта вирустың жоқтығы туралы белгі болуы қажет. Отырғызар алдында жолаушыға дезинфекциялық туннель және дене температурасын анықтайтын термиялық сканер арқылы өтуге тура келеді. Багаж зарарсыздандырылатын болады.

Мамандар жақын арада әлемнің барлық авиакомпанияларының барлық клиенттеріне әлеуметтік қашықтық принципін сақтауға және қолғап пен бетперде киюге тура келетінін еске салады. Сонымен қатар, болашақта әуе саяхаттары қымбатқа соғуы мүмкін. Мұндай қауіп жолаушылар ағынының азаюынан пайда болған шығындарды жабу үшін тасымалдаушылар көтеруге мәжбүр тарифтердің өсуімен байланысты.  Алдын ала бағалау бойынша, жоғарыда аталған болжамдардың барлығы алдағы 5 жылда өзекті болуы мүмкін.

Wizz Air авиакомпаниясы 1 мамырдан бастап Еуропа аумағында халықаралық рейстерді орындауға кірісуді жоспарлап отыр. Осыған байланысты компания жоғары қауіпсіздік шараларын енгізгені туралы хабарлады. Барлық жолаушылар бетперде киюге міндетті болады. 4 мамырдан бастап Lufthansa Group холдингіне кіретін барлық авиакомпаниялар жолаушылардан бетперде киюді талап ететін болады. Бетперде киюге қатысты жаңа ережелер барлық рейстерде  және кем дегенде 31 тамызға дейін қолданылатын болады.

3381