ruenkz

"Аэрофлот" кейінге шегерілген рейстер үшін ваучерлер беретін болады

Салынған уақыты 19.05.2020 16:00

"Аэрофлот" авиакомпаниясы жолаушыларға кейінге қалдырылған рейстер үшін ақшаның орнына ваучерлер берілетінін растайды деп хабарлайды Traveller порталы. Жолаушыларға қайтару сомасына жеңілдік түріндегі сыйлықақысы бар ваучер ұсынылады. Олар ағымдағы жылдың соңына дейін беріледі, ал олардың қолданылу мерзімі үш жылды құрайды.

Ваучерді тек жойылған рейстерге билеттерін амалсыздан қайтарғандар ғана емес, сонымен қатар рейстері орындалса да, эпидемиологиялық жағдайға байланысты жоспары өзгеріп, ұшудан өз еркімен бас тартқан жолаушылар да ала алады. Бұл ішкі және халықаралық тасымалдауларға да қатысты.

Естеріңізге сала кетейік, «Аэрофлот» сәуір айының басына дейін жолаушыларға ақшасын қайтарып келді де, кейіннен бұл рәсімді тоқтатқан болатын. АТОР хабарлағандай, ұлттық тасымалдаушы күші жойылған билеттердің қайтарылуын рәсімдеу мүмкіндігін техникалық тұрғыдан жауып тастаған.

594