Қазаэронавигацияның мамандары «Жасыл дәліздер» жобасымен тұрақты авиация бойынша үздік әлемдік бастамалар үштігіне енді
Салынған уақыты 30.09.2025 15:40
Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) Монреальдағы 42-ші Ассамблеясында беделді Sheikh Mohammed Bin Rashid Al Maktoum Global Aviation Award сыйлығын тапсыру рәсімі өтті. «Қазаэронавигация» РМК мамандары әзірлеген «Жасыл дәліздер» жобасы Германия мен АҚШ-тан кейін авиацияны тұрақты дамыту жөніндегі үздік әлемдік бастамалардың үштігіне енді. Байқауға 52 ел, 84 жоба және 194 қатысушы қатысты.

Жасыл дәліздер» бастамасы - халықаралық жүк рейстерінде тұрақты авиациялық отынды (SAF) пайдалануға авиатасымалдаушыларды экономикалық ынталандырудың әлемдегі алғашқы жүйесі.
Жоба мыналарды көздейді:
• SAF-пен ұшатын авиакомпаниялар үшін аэронавигациялық алымдарды төмендету;
• отынды айқын растау үшін Book & Claim механизмін пайдалану;
• конденсациялық іздердің (contrails) және CO ₂ шығарындыларының әсерін ғылыми модельдеу;
• 2026 жылы пилоттық бағыттарды іске қосу және кейіннен масштабтау.
Жобаның авторлары «Қазаэронавигация» РМК мамандары Н.Томпиев, М.Асылханов, А.Ахметбаев және А.Аккулов.

«Жасыл дәліздер» жобасын халықаралық деңгейде мойындау - бұл Қазаэронавигацияның инновациялар мен тұрақты дамуға бағытталған стратегиялық бағытының нәтижесі. Біз Қазақстанның әуе кеңістігін Еуропа мен Азия арасындағы «жасыл авиациялық көпірге» айналдыруға тырысамыз, онда экология мен экономика бірыңғай модельде жұмыс істейді», - деп атап өтті «Қазаэронавигация» РМК.
Жобаның ел мен сала үшін тиімділігі:
• Экология: SAF-пен рейстерде CO₂ шығарындыларын 70-80%-ға дейін азайту;
• Экономика: халықаралық транзиттік авиатасымалдаушылар үшін Қазақстанның әуе кеңістігінің тартымдылығын арттыру;
• Имидж: Қазақстан мен Қазаэронавигацияны әлемдік авиацияда инновациялық тетіктерді енгізу бойынша көшбасшы ретінде көрсету.
Sheikh Mohammed Bin Rashid Al Maktoum Global Aviation Award сыйлығы авиациядағы үздік әлемдік тәжірибелерді ілгерілету үшін құрылған. Ол инновациялар, тұрақты даму және цифрлық трансформация бағыттарын қамтиды. Марапаттау рәсімі 2025 жылғы 27 қыркүйекте ИКАО Ассамблеясының ресми гала-кешкі асының аясында өтті.
Бұған дейін «Қазаэронавигация» РМК мамандары халықаралық деңгейде аталып өткен болатын. Әр жылдары олардың жобалары беделді конкурстардың, оның ішінде АҚШ-тағы ATCA (Air Traffic Control Association) Awards байқауының жеңімпаздары мен жүлдегерлері болды.
1978