ruenkz

Гонконг әуежайында адамдарға арналған дезинфекциялық кабиналар сынақтан өткізілуде

Салынған уақыты 18.05.2020 11:29

Гонконг халықаралық әуежайында коронавирустың таралуымен күресудің жаңа әдісін ойлап тапты. Әуе айлағында CleanTech арнайы технологиясының тестілік сынақтары басталды, оның көмегімен әрбір авиажолаушыны дезинфекциялау мүмкіндігі пайда болады. Бұл туралы 5 мамырда Traveller туристік басылымы айтты.

Белгілі болғандай, дезинфекциялау процесі мынадай болып келеді - алдымен жолаушының дене температурасын өлшейді, содан кейін ол микробқа қарсы жабыны бар шағын стерильді кабинаға кіреді. Оның ішінде туристің үстіне көптеген бактериялар мен вирустарды өлтіретін дезинфекциялық ерітінді себіледі. Осылайша, әрбір саяхатшы "жедел дезинфекциялау" шарасынан өтеді. Қазіргі уақытта тестілеуге әуе айлағының қызметкерлері қатысуда, бірақ алдағы уақытта технологияны барлық авиажолаушыларға қолдану жоспарланып отырғаны хабарланады.

Айта кету керек, Гонконг әуежайында COVID-19 таралуын болдырмау үшін басқа да шаралар қолданылады. Мысалы, әуе  айлағында ультракүлгін сәулелермен және ауа стерилизаторларымен жабдықталған автономды роботтар жүреді, олар ауадағы, сондай-ақ кез келген қатты беттегі бактерияларды 99,9%-ға дейін өлтіре алады. Сонымен қатар, барлық тіркеу бғандары, күту залдары, дәретхана бөлмелері және басқа да үй-жайлар арнайы әзірленген "көрінбейтін" микробқа қарсы жабынмен өңделеді.

3535