ICAO авиакомпаниялардың COVID-19 дағдарысынан кейін аяққа тұруына көмектесетін болады
Салынған уақыты 15.05.2020 14:10
29 сәуірде Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ICAO) арнайы жұмыс тобын құрды. Жаңа уәкілетті орган коронавирус пандемиясынан кейін авиациялық саланы қалпына келтіру бойынша жұмыс істейтін болады. Монреальдағы ICAO Басқару кеңесінің кезекті отырысында қабылданған шешім туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.
Белгілі болғандай, құрылған жұмыс тобының негізгі мақсаты әлемдік авиацияны дамытудың стратегиялық басымдықтарын анықтау болып табылады. Орган, сондай-ақ, жекелеген елдер деңгейінде де, халықаралық қатынастар деңгейінде де авиациялық проблемаларды шешуге тікелей қатысатын болады. «Біз білетіндей, әуе қатынасы әлемдегі барлық аймақтарды дамыту үшін шешуші мәнге ие. Сондықтан әуе көлігінің тиімді жұмысы COVID-19 пандемиясынан кейін әлемдік экономиканы қалпына келтіру үшін аса маңызды», - деп атап өтті ICAO кеңесінің президенті Сальваторе Скьячитано.
Жұмыс тобының құрамына авиациялық сала, Біріккен Ұлттар Ұйымы, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы және Дүниежүзілік туристік ұйым өкілдері кірді.
3395