Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймыз
Салынған уақыты 09.05.2025 12:29
Құрметті қазақстандықтар!
Сіздерді еліміздің тарихында және миллиондаған адамның жүрегінде ерекше орын алатын — Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймыз.
9 Мамыр — бұл Отанды қорғаған батырлардың ерлігін еске түсіретін ғана емес, сонымен қатар құрмет пен алғыс білдіретін, ұрпақтар сабақтастығын сақтайтын күн.
Бұл күн бізді бейбітшілік, әділет, ар-намыс пен өзара қолдау сияқты ортақ құндылықтар төңірегінде біріктіреді.
Сіздерге және жақындарыңызға зор денсаулық, жан тыныштығы, амандық пен аспандарыңыз ашық болуын тілейміз.
202