ruenkz

Авиацияны қалпына келтіру 3 жылға дейін созылуы мүмкін – сарапшылар

Салынған уақыты 14.05.2020 11:13

Сарапшылардың айтуынша, әлсіреген авиациялық секторды қалпына келтіру екі жылдан үш жылға дейінгі уақытты алуы мүмкін, бірақ коронавирусқа дейінгі деңгейге дейін көтерілуі екіталай.

«Авиакомпаниялардың басшыларымен сөйлескен кездегі 80 пайыз - олардың жаңа 100 пайызы», - деді Авиакомпания жолаушыларына қызмет көрсету қауымдастығының атқарушы директоры Joe Leader мырза. Оның фирмасы Inmarsat спутниктік фирмасымен бірлесіп, сәрсенбі күнгі дискуссиялық форумды ұйымдастырған болатын. Бейнечат режимінде қосылған баяндамашылар қатарында авиакомпаниялардың талдаушылары мен басшылары болды.

Aviation Week басылымының еуропалық редакторы Victoria Moores ханым авиация саласы дағдарысқа дейінгі көрсеткіштен екі есеге азаюы мүмкін деді.

Халықаралық әуе көлігі қауымдастығы (IATA) сәрсенбі күні өзінің соңғы бағасын жариялап, әлемдегі жолаушылар ағынының қысқаруын «соңғы уақыттағы ең ірі қысқару» деп сипаттады.

ИАТА мәліметі бойынша, наурыз айында бұл көрсеткіш өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда, 52,9 пайызды құрады. Бұл құлдыраудағы жетекші рөл Азия-Тынық мұхиты авиакомпанияларына берілді. Олар жолаушылар тасымалының 65,5 пайызын жоғалтқан.

ИАТА бас директоры Alexandre de Juniac қиындықтың бәрі әлі алда екенін, «сәуір айында одан әрі нашарлап кеткенін» айтып, көптеген белгілер қалпына келудің баяу болып жатқанын көрсетеді деді.

Бірақ кез келген қалпына келтірудің алдында авиакомпанияларға көптеген кедергілерді еңсеруге, соның ішінде өзінің іскерлік тәжірибесін реттеуге және жолаушылардың сенімін қалпына келтіруге тура келеді.

Сәрсенбі күні талқылауға қатысқан Malaysia Airlines бұрынғы атқарушы директоры Christoph Mueller мырза көптеген авиакомпаниялар пандемиядан «теңдессіз» шығатынына сенімді болды.

Emirates Group цифрлық технологиялар мен инновациялар жөніндегі бұрынғы бас қызметкері болып табылатын және қазіргі уақытта авиациялық кеңес беру қызметіне басшылық ететін Mueller мырза қаржылық тұрақтылық, шешім қабылдау жылдамдығы және авиакомпаниялардың өз қызметкерлері және клиенттерімен дұрыс қарым-қатынас жасай алуы қиындықтарды бастан өткерудің кілті болып табылады дейді. Авиакомпаниялар енді ақшасын сақтап, қызметкерлерді демалысқа жіберу керек деп қосты ол.

Mueller мырзаның пікірінше, бірінші болып қысқамерзімді ішкі рейстерді, одан кейін халықараық рейстерді қалпына келтіру керек.

Колумбиялық Avianca авиакомпаниясының атқарушы директоры Anko Van Der Werff мырза коронавирустан кейін алдын ала броньдаудан бастап, әуежайға дейін рейске отырғызу процесінде әрбір тармақта дерлік өзгерістер болады деп айтты.

«Әлеуметтік қашықтық біраз уақыт сақталады. Бұл бір немесе екі айдың мәселесі емес. Себебі қону процесінен бастап, ұшақтан шығуға дейін бәрін қайта жобалайтын боласыз», - деді Anko Van Der Werff мырза.

Leader мырза тазалық болашақта авиациялық мәдениеттің үлкен бөлігіне айналуы мүмкін деді. «Менің ойымша, мұнда тазалық деңгейі қалады. Бұл алға ьалпынып келе жатқан авиакомпаниялар үшін жаңа сапа белгісі», - деді ол.

3279