ruenkz

«Қазаэронавигация» РМК-ның Ақтау филиалында санитариялық және дезинфекциялау шаралары күшейтілді

Салынған уақыты 12.05.2020 16:50

COVID пандемиясынан туындаған Қазақстан Республикасында төтенше жағдай енгізілуімен байланысты (2020 жылғы 16 наурыздан 11 мамырға дейін) және «Қазаэронавигация» РМК бас директорының 2020 жылғы 13 наурыздағы № 05-03-8-85 бұйрығына сәйкес, «Қазаэронавигация» РМК Ақтау филиалында санитариялық және дезинфекциялау шаралары күшейтілді.
Филиалдағы қызметтік автокөліктің жүргізушілері күнделікті режимде (отырғызғанға дейін және кейін) жолаушылармен тығыз байланыста болатын жердерді, атап айтқанда, тұтқаларды, шынтақ сүйеніштерін, отырғыштарды «ДеоХлорСтандарт» арнайы ерітіндісімен залалсыздандырады.
ӘШБ тазалаушылары үнемі (демалыс және мерекелік күндері) қызметтік орынжайларды, оның ішінде есіктің тұтқаларын, тұтқаларды және т.б. залалсыздандыратын және бактерияға қарсы құралдармен өңдеу жұмыстарын жүргізеді.
Барлық қызметкерлерге бетперделер мен қолғаптар беріледі.
Төтенше жағдай кезінде Ақтау филиалында Алматы қаласындағы «Авиациялық медициналық орталықтың» медициналық қызметкері Жәнібек Өтемұратов күн сайын дене температурасын (жылуға ден қойғышпен) өлшей отырып, диспетчерлік құрамға (күніне 3 ауысым) және  филиалдың тіршілік әрекетінің жұмыс үрдісіне жұмылдырылған  қызметкерлеріне күшейтілген медициналық қарап-тексеру жүргізді.
Коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау үшін филиалдың әрбір қызметкері дербес жауапкершілікті ұғынады.
 
 

 

4268