ruenkz

«Қазаэронавигация» РМК Медициналық орталықтың медициналық қызметкеріне алғыс!

Салынған уақыты 11.05.2020 16:34

    Атырау филиалы Төтенше жағдай тәртібі басталғаннан бері 2020 жылдың 17 наурызында «Қазаэронавигация» РМК Медициналық орталығынан бізге қызметтік іссапармен келген медбике  Турдалиева Оразкүл Шүкірбайқызына кәсіпорынның сайтында алғыс сөздерін жариялауды жөн көрді. Медициналық қызметкер филиалымызда болған екі ай ішінде біздің көңіліміз тыныш болды, өзімізді сенімді сезіндік, әсіресе әйел адамға ұзақ уақыт бойы өзінің балалары мен жақындарынан алыста болу қиын соғатыныны белгілі, бірақ ол соған қарамастан бізге мықтылық пен табандылықты көрсете білді.
     «Қазаэронавигация» РМК Атырау филиалының ұжымы Турдалиева Оразкүл Шүкірбайқызына оның кәсіби қасиеттеріне, сүйікті ісіне адалдығына және адамдық қасиеттері үшін, қиын күндерде моралдық және психологиялық қолдауы мен пайдалы кеңестері үшін алғыс айтады! Филиал ұжымы атынан оны туған күнімен құттықтап, алғыс хат ұсындық!
     Біз, филиалдың қызметкерлері үлкен жауапкершілікпен және өзімізге тәртіп беру арқылы гигиена талаптарын сақтауға тырыстық және сақтап келеміз, осы арқылы медициналық қызметкерлерге ең үлкен көмек көрсеттік деп ойлаймыз. Біз бір-бірімізге: менің маскам сені, сенің маскаң мені қорғайды деп айтамыз!
    Қазіргі кезде мойындарына короновирустың таралуына қарсы күрес жүктелген дәрігерлер мен барлық медициналық қызметкерлерге алғыс айтамыз!  Сондықтан, кәнікей, оларға қиын да қауіпті еңбектері үшін алғыс айтып, жылы сөздермен демеп, қолдайық!
 
 

5045