ruenkz

Пилотсыз басқарылатын құралдарға арналған әлемдегі алғашқы әуежай Қытайда салынбақшы

Салынған уақыты 11.05.2020 11:27

Автономды ұшу аппараттарын әзірлеуге және өндіруге маманданған Қытайдың EHang компаниясы ұшқышсыз басқарылатын құралдарға арналған әлемдегі алғашқы аэровокзал салу жоспары туралы хабарлады. Бұл туралы компанияның сайтында айтылған, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Пилотсыз басқарылатын туристік құралдарға арналған әуежайды Қытайдың Хэчжоу қаласындағы Гуанси провинциясында салу жоспарланған. Ол 2020 жылы пайдалануға беріледі деп күтілуде.

Әуежай терминалы көлемі 2500 шаршы метр үш қабатты болады. Ғимараттың сәулеті бойынша бірінші қабатта тіркеу залы, екінші қабатта күту залы және үшінші қабатта ұшу-қону аймағы қарастырылған.

Компания әуежай құрылысынан бөлек 20 екі орындық ұшқышсыз аэротакси EHang 216 жеткізуді жоспарлап отыр. Олар әуеден көрікті жерлерді қарау үшін туристік мақсатта пайдаланылатын болады.

3487