Ірі лоукостер Wizz Air авиақатынасты мамыр айының басында ашпақшы
Салынған уақыты 06.05.2020 11:14
Орталық және Шығыс Еуропаның ең ірі лоукостері Wizz Air 1 мамырдан бастап Венадан ұшуларды қайта бастайды, деп хабарлайды Tengritravel.kz РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап.
Компания топ-менеджері Стивен Джонстың мәлімдеуінше, COVID-19 пандемиясына қарамастан, авиакомпания Валенсия, Тель-Авив және Милан сияқты қалаларға 20 бағыт бойынша ұшуларды қайта бастайды. Бастапқыда ұшақтар аптасына бірнеше рет ұшатын болады. Авиакомпания туристер тарапынан сұраныстың азаюына байланысты билет бағасын төмендетпекші.
Wizz Air Қазақстанмен әуе қатынасын Будапешт – Нұр-Сұлтан бағыты бойынша маусым айынан бастамақшы. Бірінші рейс 3 маусымда ұшады, билеттер сатылымда. Ұшақтар осы бағыт бойынша әр сәрсенбі мен жексенбі күндері ұшатын болады.
3279