ruenkz

Ұшақ өндіруші Airbus компаниясы қызметкерлеріне үндеу жолдады

Салынған уақыты 05.05.2020 14:56

Еуропаның ұшақ өндіруші компаниясы Airbus өзін-өзі сақтап қалу мәселесін алға тартты. Авиаконцерн басшылығы саны 135 мың қызметкерге жұмыс орындарының алдағы ауқымды қысқартулары туралы айтып, үндеу жолдады, деп хабарлайды Tengritravel.kz Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Корпоративтік пошта арқылы жіберілген хатта Компанияның атқарушы директоры Гийом Фори Airbus «қолма-қол ақшаға ауыз салды», «жағдай өте ауыр» деп мәлімдеген. Бұл шығындар компанияға «жойылып кету» қаупін төндіріп тұр. Airbus жұмыс орындарын қысқарту бойынша ауқымды іс-қимылдар компанияны сақтап қалу үшін қажет екенін баса айтты.

«Егер бір қазір қимылдамасақ, Airbus жойылып кетеді», - деді ол.

3380