Азияның ірі авиатасымалдаушысы ұшуларын қайта бастайды
Салынған уақыты 04.05.2020 13:54
AirAsia авиакомпаниясы тұрақты рейстерді қайта жандандырмақ, деп хабарлайды Tengritravel.kz Travel Daily агенттігіне сілтеме жасап.
AirAsia Малайзиядағы ішкі рейстерді 29 сәуірде қайта бастайды. Басқа елдерге ұшуын кейінірек: Таиланд пен Филиппинде - 1 мамырда, Үндістанда - 4 мамырда, ал Индонезияда - 7 мамырда бастайды. Бұл ұшулар сол елдердің билігі мақұлдаған жағдайда ғана басталады.
Алдымен негізгі ішкі бағыттар жанданады. Біртіндеп таңдалған маршруттар тізімі ұлғайып, оған авиакомпанияның барлық желісі бойынша халықаралық межелі пункттер қосылады.
AirAsia өзінің жолаушылары үшін онлайн-брондауды ашты.
Авиакомпания барлық реттеушілермен бірлесіп жұмыс істейді, оның ішінде әрбір рейске ең жоғары сәйкестік стандарттарын сақтауды қамтамасыз ету үшін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен Халықаралық азаматтық авиация ұйымының нұсқауларын сақтайды.
Бұған дейін біз сарапшылардың болжамы бойынша, Қазақстанда әуе қатынасы тамыз айында 50 пайызға, ал толықтай жыл соңына дейін қалпына келтірілетіндігін хабарлаған болатынбыз. Алайда, турбизнес өкілдері маусымды ашу туралы мәселені көлденең тартуда, өйткені «мұның ар жағында салада жұмыс істейтін 120 мың адамның және туристік жерлерде тұратын, табысы осы саламен байланысты адамдардың тағдыры тұр».
2247