ruenkz

Қазақстандықтар ұшақ бортына бетпердесіз жіберілмейді

Салынған уақыты 29.04.2020 11:12

Ұшақ жолаушыларын бортқа бетперде мен қолғапсыз жібермейді. Бұл туралы «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Логистика және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі басқарушы директоры Қанат Алпысбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Оның мәліметінше, оптимистік болжамға сәйкес, Қазақстанда ұшуларды 15 мамырдан бастап қайта бастау күтілуде. Карантиннен кейін саланы қалпына келтіруге кемінде бір жарым жыл қажет болуы мүмкін.

Азаматтық авиация комитетінің ведомствосында Қазақстанның авиациялық әкімшілігі азаматтық авиация саласын қалпына келтіруге дайындық жұмыстарын жалғастырып жатқанын, атап айтқанда, рұқсат беру құжаттарын уақытша ұзарту, сондай-ақ әуежайлардың стандартты қызметке кезең-кезеңмен көшуі көзделгенін атап айтты.

Әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің қарап тексеруді ұйымдастыру жөніндегі сертификаттарының, авиациялық қауіпсіздік жөніндегі мамандарының жұмысқа рұқсаты туралы сертификаттарының, экипаж мүшелері куәліктерінің қолданылу мерзімі 90 күнге дейін ұзартылады.

Қазақстанның барлық әуежайларында күшейтілген дезинфекциялық режим енгізілді, күту залдарын, дәретхана бөлмелерін жинау, тұтқаларды, батырмаларды тазарту және дезинфекциялау жиілігі ұлғайтылды.

3455