ruenkz

Әлемдегі барлық авиакомпаниялар орындалмай қалған рейстер үшін ақшаны қайтарып беруден бас тартып отыр

Салынған уақыты 28.04.2020 17:37

70-тен астам авиакомпания авиабилеттер үшін ақшалай қаражатты қайтаруды тоқтатты. Мұндай мәліметті GDS брондаудың халықаралық компьютерлік жүйесі таратты, деп хабарлайды " Вестник АТОР ". GDS мәліметтеріне сәйкес, орындалмай қалған рейстер үшін ақша қайтаруды тоқтатқандардың тізіміне 71 авиакомпания кірген. Жолаушылар орындалмай қалған рейстер үшін ақшаларын қайтара алмайтын авиакомпаниялардың толық тізімі GDS сайтында орналастырылған.

Хабарланғандай, тасымалдаушылар өз клиенттерін қолма-қол ақшаның орнына туристік ваучерлерді қабылдауға мәжбүрлеуде. Мұндай ваучерлердің қолданылу мерзімі, көп жағдайда, бір жылға дейін. Кейбір авиакомпаниялар бұл мерзімді 760 күнге дейін арттырды. Қайтарулар сәуір айының ортасында қайта жалғасуы мүмкін деген хабар да бар. Мұндай жағдайда өтемақылар 15 күннен 3 айға дейінгі кезең ішінде төленеді. Шешімді тасымалдаушылар өздері қабылдайды.

АТОР ұсынылған тізімде тұрған авиакомпания билеттері бар жолаушылар мен турагенттерге не істеу керектігін түсіндірді. Егер рейс "мәжбүрлі қайтару" санатына түссе, яғни шекаралардың жабылуына, әуе қатынасының жойылуына, визалық режимнің өзгеруіне байланысты өтпесе немесе оны тасымалдаушы өзі жойса, ұшу уақытынан кемінде 40 минут бұрын ұшу сегментін өз бетінше жою қажет. Сонда билет кейіннен қандай да бір нысанда өтеу үшін амалсыз қайтарулар тізіліміне түседі. Оның ішінде ваучерлер мен депозиттер түрінде. Басқа жағдайларда қайтару "ерікті" санатына түседі және тарифке сәйкес айыппұлмен жүзеге асырылады.

3155