Внуково әуежайында жолаушыларды тексерудің жаңа технологиясы енгізілді
Салынған уақыты 27.04.2020 18:46
Внуково халықаралық әуежайында жолаушыларды тексерудің замануи жүйесі іске қосылды. Енді саяхатшыларда тыйым салынған заттардың болуын HUMAN SECURITY RADAR (HSR) тексереді, деп хабарлайды аэровокзалдың баспасөз қызметі. Автоматты жүйе адамдардың қозғалысын шектемейді, ол жолаушылар легінен қауіпті объекті мен оның иесін таба алады. Бағдарлама дереу іске қосылып, қондырғы жұмысын бақылауды жүзеге асыратын қауіпсіздік қызметкерлеріне дабыл белгісін жібереді.
HSR жүйесінің қауіп-қатер туралы хабарлап, мониторға қауіпті зат анықталған адамның суретін жіберетінін, сондай-ақ оның қай жерде, мысалы, киім астында немесе жеке заттар ішінде жасырылғанын көрсететінін айта кету керек,. Жүйенің өткізу қабілеті сағатына шамамен 5-6 мың адамды құрайды, бұл жолаушыларды тексерудің әдеттегі тәсілімен салыстырғанда айтарлықтай жоғары. HSR әзірлеумен ресейлік Apstec Systems компаниясы айналысқаны және мұндай қондырғыларды Бельгия мен Түркияның кейбір әуежайларында іске қосқаны белгілі. Ресей аумағында жүйе әлі сертификатталған жоқ.
3503