1 мамырдан бастап Елорда мен Алматы арасындағы рейстер ашылады
Салынған уақыты 27.04.2020 15:30
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 1 мамырдан бастап Нұр-Сұлтан мен Алматы арасындағы рейстердің ашылатынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
"Дегенмен, салыстырмалы түрде жағдайдың тұрақтанғанын ескеріп, Үкімет 1 мамырдан бастап Елорда мен Алматы арасындағы рейстерді ашатын болды. Мұндай шара азаматтармен қатар індетпен күресіп жүрген көптеген мамандардың жұмысы үшін қажет", - деді Тоқаев.
Айта кетейік, бүгін Президент елдегі коронавирус пандемиясына байланысты мәлімдеме жасады. Тоқаевтың қаулысы бойынша елімізде төтенше жағдай режимі 11 мамырға дейін ұзарды.
3678