ruenkz

Еуропаның ең үлкен авиакомпаниясы сағат сайын 1 млн. еуро жоғалтуда

Салынған уақыты 24.04.2020 11:21

Еуропаның ең ірі тасымалдаушысы Lufthansa коронавирустың пандемиясы салдарынан елеулі шығынға ұшырауда. Неміс авиакомпаниясы сағат сайын 1 млн еуро жоғалтуда. Бұл туралы 8 сәуірде Handelsblatt басылымы хабарлады. Компания басшысы Карсен Шпор бірқатар қаржы шығындары туралы қызметкерлерге бейне үндеуінде айтып берді. Басшының айтуынша, бүгінде Lufthansa күн сайын 3 мың жолаушы тасымалдайды, ал бұған дейін бұл көрсеткіш әлдеқайда жоғары болып, 350 мыңға жуық жолаушыны құраған.

Сонымен қатар, қалыптасқан дағдарыс жағдайында Germanwings еншілес компаниясының қызметін тоқтатып, 40-тан астам ұшақты пайдаланудан шығаруға тура келді. 7 мыңға жуық қызметкер қысқартуға байланысты баламалы жұмыс орындарына ауыстырылып, 138 мың қызметкер бүгін толық емес жұмыс күні режимінде жұмыс істеуде. Lufthansa дағдарыстан шығу үшін COVID-19 пандемиясының салдарын еңсеруге бағытталған қайта құрылымдауға кірісіп, ақшалай шығындарды қысқартуға көмектесетін шаралар кешенін әзірледі. Алайда, Шпор атап өткендей, авиакомпания неміс билігімен келіссөздердің табысты аяқталып, мемлекет тарапынан қаржылық қолдау болады деп сенеді.

3350