Авиация саласының кірісі 300 млрд теңгеге азаюы мүмкін
Салынған уақыты 23.04.2020 17:25
Коронавирус пандемиясына байланысты ішкі рейстердің орындалуы 100%-ға және халықаралық рейстердің орындалуы 98%-ға тоқтатылды, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұловтың айтуынша, сала бойынша кірістердің төмендеуі жыл соңына дейін шамамен 300 млрд теңгені құрауы мүмкін.
Азаматтық авиация саласында коронавирус пандемиясына байланысты ішкі рейстердің орындалуы 100%-ға және халықаралық рейстердің орындалуы 98%-ға тоқтатылды». Бірақ қалыптасқан жағдайға қарамастан биылғы жылдың I тоқсанында жолаушылар ағыны көрсеткішінде өсім болды, деді министр.
Есепті кезеңде тасымалданған жолаушылар саны 1,7 млн адамды құрады, бұл 2019 жылдың сәйкес кезеңінен 5,2% артық (1,6 млн адам).
Биылғы жылы біз Түркістанда жаңа халықаралық әуежай мен Шымкентте жолаушылар терминалын іске қосуды жоспарлап отырмыз. Үржар әуежайының ұшу-қону жолағын қайта жаңарту жұмысын бастаймыз», – деп жалғастырды Атамқұлов.
Қаржыландыру бөлінген жағдайда Өскемен және Үшарал қалаларындағы әуежайларда тағы екі ұшу-қону жолағын қайта жаңарту жұмысы да басталады.
Жалпы, алдағы бес жылда ведомство 13 әуеайлақ салуды жоспарлап отыр.
3492