Жүк тасымалдайтын әлемдегі ең үлкен ұшақ коронавируспен күреске қосылды
Салынған уақыты 23.04.2020 11:06
11 сәуірден бастап Украинаның Ан-225 "Мрия" ұшағы гуманитарлық көмек тасымалдауды жүзеге асыра бастады. Осылайша, жүк тасымалдайтын ең ірі әуе лайнері COVID -19 пандемиясымен күреске қосылды, деп хабарлайды NEWS.ru басылымы.
Әуе кемесі Қытайдан Шығыс және Батыс Еуропа елдеріне медициналық құрал-жабдықтары мен дәрі-дәрмектері бар гуманитарлық жүктерді тасымалдауды орындайтын болады. Өзінің техникалық сипаттамаларына сәйкес, лайнер бір рейспен 250 тонна түрлі жүк тасымалдай алады — қазіргі уақытта бұл әлемдегі барлық жүк ұшақтарының арасындағы ең үлкен көрсеткіш.
Ан-255 ұшағының көлемі де үлкен екенін айта кету керек. Әуе кемесінің ұзындығы 84 метр, биіктігі – 18 метр, қанаттарының ұлашы – 88 метр. Естеріңізге сала кетейік, Ан-225 украиндық "Авиалинии Антонова" авиакәсіпорнына тиесілі. Бұл авиакомпанияның Ан-124-100 "Руслан" үлгісіндегі тағы бес ұшағы гуманитарлық көмек тасымалдауға жұмылдырылған. Лайнерлер НАТО және ЕО елдері үшін жүк жеткізуді жүзеге асырады.
3733