ruenkz

Қытайдың азаматтық авиациясы наурызда жағдайын 20%-ға қалпына келтірді

Салынған уақыты 22.04.2020 11:15

Қытайдағы коммерциялық авиакөлік саласының жағдайы біртіндеп жақсарып келеді, наурыз айының соңына қарай тасымалдау көлемі коронавирус індеті пайда болғанға дейінгі кезең 2019 жылдың желтоқсан айымен салыстырғанда дағдарысқа дейінгі тасымалдың 42%-на жетті.

Қытайдың азаматтық авиация әкімшілігінің (САААС) мәліметіне сәйкес, күнделікті рейстердің орташа саны 6552-ге жетті. Бұл рейстердің көпшілігі құрлықтағы Қытайдың қаржы орталығы Шанхайды қосқанда, Янцзы өзенінің алабында орналасқан (өнеркәсібі неғұрлым дамыған ауданда) қалаларға қатынайды.

3621