ruenkz

Қазақстанның Азаматтық авиация комитеті: "Әуе тасымалы саласы бүгінгі күні мемлекеттік қолдауға зәру"

Салынған уақыты 21.04.2020 11:25

Әлемдік авиация индустриясы коронавирус пандемиясынан зардап шеккен салалардың бірі болып табылады және өзінің тарихында ауыр дағдарысты бастан кешуде. Өкінішке орай, инфекцияның таралуының теріс салдары Қазақстанның азаматтық авиация саласына да әсер етті, деп хабарлайды АТО порталы. Мемлекеттік комиссияның шешімдері негізінде Қазақстанда коронавирустың таралуын болдырмау мақсатында бүгінгі күні халықаралық бағыттар бойынша 97 маршрутта аптасына 438 рейс (442-ден 4 жиілікке дейін) немесе барлық халықаралық ұшулардың 99%-ы қысқартылды.

Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ICAO) болжамы бойынша 2020 жылдың I жартыжылдығында авиакомпаниялар ұсынатын креслолар саны 51%-ға қысқарады, сондай-ақ тасымалданған жолаушылар саны 500 млн адамға азаяды. Бұл ретте авиакомпаниялардың операциялық шығындары 124 млрд. доллар. Халықаралық әуе көлігі қауымдастығы (IATA) 2020 жылы жолаушылар санының қысқаруынан саланың кірісі 252 млрд.  долларға қысқарады деп бағалап отыр.

Болжамдық деректер бойынша, 2020 жылдың наурыз-сәуір айларында Қазақстанда тасымалданған жолаушылар саны 70%-ға қысқарды. Ұшуларды қысқарту мен шектеуден қазақстандық авиакомпаниялар 235 млрд теңге, әуежайлар — 24,5 млрд теңге жоғалтты. Басқа салалармен қатар азаматтық авиация азаматтарды эвакуациялауға, гуманитарлық жүктерді тасымалдауға белсенді қатысады; сондай-ақ репатриациялық рейстерді ұйымдастыру кезінде авиация персоналының қайсарлығын атап өту қажет.

Бүгінде әуе тасымалы саласы мемлекеттік қолдау шараларын қажет етеді. Осы бағытта пандемия салдарын азайту және Қазақстанның азаматтық авиация саласын қалпына келтіруге дайындау үшін тиісті іс-қимылдарды қабылдау бойынша қарқынды жұмыс жүргізілуде. Барлық халықаралық сарапшылар авиация тарихында мұндай жағдайдың бұрын соңды болмағанын мәлімдейді.

4030