ruenkz

Адам жанының арашасысы – ақ халатты абзал жандар

Салынған уақыты 16.04.2020 15:07

Кез келген қызмет саласында адамға терең білім мен кәсіпқойлық қажет. Ал медицина саласында бұл қасиеттермен қатар  адамгершілік пен мейірімділік маңызды.

«Қазаэронавигация» РМК Авиациялық медициналық орталығының ұшқыштар мен авиадиспетчерлердің медициналық құжаттарын ресімдеу кабинетінің медбикесі Әзімбаева Қарлыға Амангелдіқызы бала кезінен ақ халат киіп, жұмыс істеуді армандаған. Өз өмірінде ол адамгершіліктің асылы – медицина кәсібін таңдады. Медицина қызметкерлерінің ұстанымы – сүйікті ісіне шексіз қызмет ету.

Бүкіл әлем коронавирус індетімен күресіп жатқанда Қарлыға Амангелдіқызы шетте қалмай, ұшу қауіпсіздігі үшін жауапты филиал қызметкерлеріне көмек көрсету үшін Көкшетау филиалына баруға  ойланбастан келісті. Қарлыға Амангелдіқызы Көкшетауға                            2020 жылдың 17 наурызында келді. Осы күннен бастап ол қызметкерлерді қабылдап, олардың температурасын күніне бірнеше рет өлшеп, журналын толтырып отырды. Әрқашан кішіпейіл және мейірімді.

15 сәуір пандемия кезінде өз міндеттерін туған үйінен алыс жерде атқарып жүрген Қарлыға Амангелдіқызының туған күні.  Филиал әкімшілігі мен қызметкерлері тынымсыз жұмысы үшін Қарлыға Амангелдіқызына үлкен алғыстарын білдіре отырып, мықты денсаулық, қажымас қайрат, баянды бақыт, жұмысына жеңілдік   тіледі.  

3628