ruenkz

Еуропа авиатасымалдаушылары дағдарыс жаздың басында аяқталады деп болжап отыр

Салынған уақыты 13.04.2020 12:26

Авиациялық көлік сарапшылары алдағы аптадағы рейстер санының 25%-ға қысқаратынын болжап отыр. Алайда, олар жазға қарай тасымалдау көлемі қалпына келтірілетініне сенімді. Бұл туралы fvw неміс салалық басылымы жазады. Еуропалық авиакомпаниялардың басшылары коронавирустың салаға әсері талқыланған кездесу өткізді. Жолаушылар авиатасымалдаулары инфекцияның таралу салдарынан едәуір зардап шегетіні барлық тасымалдаушылар үшін айдан анық.

«Еуропаға арналған авиакомпаниялар  (A4E) қауымдастығын басқаратын Air France KLM Басқарма мүшесі Бенджамин Смит вирустың жағдайға әсерін бағалау мүмкін емес деп мәлімдеді. Lufthansa авиахолдингінің басшысы Карстен Шпор жағдай тұрақты теріс динамиканы көрсетіп отырғандығын, яғни жақын арада компаниялардың жағдайы тек нашарлайтынын айтты. Ал Ryanair басшысы Майкл О'Лири алдағы екі немесе үш аптада сұраныс өте төмен болады, бірақ ұшу жағдайы айтарлықтай өзгереді және жолаушылар тасымалы бұрынғы көлемдерге қайта оралады деп мәлімдеді.

Кездесу барысында авиатасымалдаушылар еуропалық билікке коронавирустың өршуі аясында жаңа шындыққа байланысты жолаушылардың құқықтарын реформалауға шақырды. «Ерекше жағдайлар» көрсеткендей, жолаушылардың құқықтары саласындағы еуропалық саясат тез өзгеруге тиіс. Тұрақсыздық жағдайында тасымалдаушыларға рейстердің тоқтауынан оларды үлкен шығындардан қорғайтын кейбір жеңілдіктер беру қажет. Ал олар көбінесе коронавирустың таралуына қарсы күрес жөніндегі алдын алу шараларының салдарынан туындайды.

3092