ruenkz

Британдық Flybe авиакомпаниясы коронавирусқа байланысты банкротқа ұшырады

Салынған уақыты 10.04.2020 16:15

5 наурызда Британдық Flybe авиакомпаниясы банкрот туралы жариялады. Еуропаның ірі аймақтық тасымалдаушысы өзінің барлық рейстеріне қызмет көрсетуді тоқтатты, деп хабарлайды компанияның негізгі акционері болып табылатын Virgin Atlantic холдингінің баспасөз қызметі.

Хабарламада айтылғандай, инвесторлардың 175 млн доллар көлеміндегі қаржылай қолдауына қарамастан, Flybe өз қызметін жалғастыра алмады. Бұл ретте тасымалдаушының экономикалық дамуына COVID-19 вирусы да теріс әсер еткендігі атап өтіледі. Рейстердің қысқаруы, жолаушылар ағынының төмендеуі Flybe компаниясын өтей алмайтын айтарлықтай қаржылық шығынға әкелді.

Тікелей Flybe рейстеріне авиабилет сатып алған жолаушыларға ақшалай шығындарын өтейтін болады (өкінішке орай, балама нұсқалар қарастырылмаған). Серіктес ұшу билеттерін сатып алған және броньдау құжаттарында Virgin Atlantic көрсетілген саяхатшылар Virgin Atlantic сервистік орталығымен байланысып, өз маршрутының деректерін өзгертуге тиіс.

3363