ruenkz

Flight Safety қоры COVID-19 дағдарысы жағдайында ұшу қауіпсіздігі мәселелерінің «Жол картасын» шығарды

Салынған уақыты 07.04.2020 17:03

Ұшу қауіпсіздігі қоры авиациялық және пайдаланушы персоналға COVID-19 пандемиясының коммерциялық авиацияға әсерін бағдарлауға көмектесу үшін қосымша материалдардың жол картасын жариялады. «Пандемия: операциялар қауіпсіздігінің медициналық емес аспектілері, қосымша материалдар» деп аталатын құжат жалғасып жатқан операциялар, операцияларды қысқарту / тоқтату және операцияларды қалпына келтіру кезіндегі қауіпсіздік аспектілерін қамтиды. Қауіпсіздікке байланысты пайымдаулар баяндалған құжатты саланың әртүрлі сегменттеріндегі кәсіпқойлар жол картасы ретінде пайдалана алады және ол ұшу қауіпсіздігі бойынша шешімдер қабылдауға көмектеседі.

Құжатты Flight Safety Қорының веб-сайтынан жүктеп алуға болады.

3565