ИКАО кеңесі бүкіл әлемде дағдарыстан кейінгі қалпына келтіру барысында әуе көлігінің өмірлік маңызды рөлін ерекше атап көрсетті
Салынған уақыты 07.04.2020 11:45
ИКАО кеңесі мемлекеттерді, халықаралық ұйымдар мен қаржы мекемелерін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) жариялаған COVID-19 жаһандық пандемиясынан кейін әлемдік экономиканы қалпына келтіру үшін Азаматтық авиацияның ерекше маңыздылығына назар аударуға шақырады.
БҰҰ Бас хатшысы António Guterres ескертулерін еске ала отырып, «Біз Біріккен Ұлттар Ұйымының 75 жылдық тарихында болмаған денсаулық сақтау саласындағы жаһандық дағдарыспен бетпе-бет келдік. Бас хатшы António Guterres денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдай шешілгеннен кейін біз әлеуметтік әсерге, сондай-ақ экономикалық әрекет қолдану мен қалпына келтіру мәселесіне назар аударуымыз керек деп атап өтті» - деп мәлімдеді ИКАО кеңесінің президенті Sciacchitan.
«Дәл осылай «үлкен жетіліктің» көшбасшылары COVID-19 әлемдік экономика үшін айтарлықтай үлкен қауіп төндіретінін мойындады және өзіне вирустың өршуінің экономикалық салдарларын жою бойынша міндеттемені алды», - деп атап өтті Sciacchitano Президенті.
Төраға жаһандық қарсы шаралар халықаралық әуе көлігінің рөлін жаһандық жеткізу тізбегін қолдайтын әуетасымалдаудың өмірлік маңызы бар қызметтерінің көмегімен, ауыр жағдайда қалған жолаушыларды құтқару арқылы, төтенше жағдайлар мен гуманитарлық жағдайларға ден қою әлеуеті арқылы қазіргі дағдарысты кезеңдерде қызметті ынталандыратын жаһандық фактор ретінде қарастыруға тиіс екенін атап өтті.
Ол «Ғаламдық авиациялық жүйенің қаржылық және функционалдық жұмыс қабілетін қолдау COVID-19 туындатқан экономикалық қиындықтардан алып шығу жолын жасау үшін маңызды міндет болып табылатынын» атап көрсетті.
«Дүниежүзілік авиакөлік байланысы жұмыспен қамту, сауда және туризм арқылы экономиканы ынталандырады және мемлекеттерге «БҰҰ 2030 жылға дейінгі тұрақты дамуына арналған күн тәртібіне» (ДБО) қол жеткізуде қолдау көрсетеді», - деп түсіндірді Sciacchitano Президенті.
ИКАО кеңесі мемлекеттерді және қаржы мекемелерін секторалдық мүдделі тараптарға, авиакомпанияларға, әуежайларға, әуе қатынасы саласындағы қызметтерді көрсетушілерге, өндірушілерге қолдау көрсетудің барынша тиімді құралдарын әділ бәсекелестік және транспаренттілікті қамтамасыз ету үшін зиян келтірместен зерделеуге шақырады.
Авиациялық сектордағы тиімді мемлекеттік саясат пен стратегияны жедел түрде жүзеге асыру арқылы ғана пандемиядан кейін әлемдік экономиканы қалпына келтіру оңай болады», - деп қорытындылады Sciacchitano Президенті.
3426