ruenkz

Қытай авиакомпаниясы короновирустың өршуіне байланысты билеттерді 4 долларға ғана ұсынуда

Салынған уақыты 06.04.2020 12:27

Қытайда коронавирус індетіне байланысты жергілікті авиатасымалдаушылар авиабилеттердің бағасын төмендетуде. Ең арзан билетті бірнеше долларға ғана сатып алуға болады, деп хабарлайды Fox News. Хабарланғандай, бағаны Spring Airlines бюджеттік авиакомпаниясы түсірген. Лоукостер Шанхайдан Чунцинге билеттерді 4 доллар 10 центке ұсынады, ал Шанхайдан Харбинге ұшу, жаңа тарифтерге сәйкес, шамамен 10 доллар.

Мұндай ауқымды жеңілдіктерді жиі ұшатын жолаушыларға арналған бонустық бағдарламаның қатысушылары ғана пайдалана алады. Авиасаланың сарапшылары қытайлық тасымалдаушылардың бұл экономикалық стратегиясы авиакомпанияларға айтарлықтай көмек көрсете алатынын атап өтті. «Құрлықтық Қытайдағы әуе лайнерлерін пайдалану кезіндегі шығындардың төмендігін ескере отырып, билет бағасының айтарлықтай төмендеуінен тасымалдаушылар шығындарды азайтып қана қоймай, кейбір жағдайларда түсімін де жоғалтады», — деп хабарлады Bank of Communication International авиациялық талдау бөлімінің баспасөз қызметі. Қытай Shenzhen Airlines авиакомпаниясы да бағаны төмендетті және Шэньчжэнь — Чунцин бағыты үшін жаңа тарифті іске қосты. Бір жаққа ұшудың билет құны 14 доллардан басталады.

600