Japan Airlines авиакомпаниясы экологиялық авиаотын шығаруға кірісті
Салынған уақыты 03.04.2020 15:55
Japan Airlines авиакомпаниясы ұшақтар үшін экологиялық таза отын әзірлеумен айналысуды шешті. Тасымалдаушы осы мақсатта пластикалық қалдықтарды пайдалануға ниетті, деп хабарлайды HNK жергілікті хабар тарату корпорациясы. Белгілі болғандай, жапондық компания өнеркәсіптік кәсіпорындар мен фермерлік шаруашылықтар қызметінің нәтижесінде кәдеге жаратылатын пайдаланылған пластикті көп сатылы өңдеу жолымен авиаотынның жаңа түрін жасауға ниетті.
Japan Airlines жаңа жобасын әзірлеуді Marubeni ірі сауда фирмасымен бірлесіп жүзеге асырады. Өндіріс технологиясын әзірлеу және алғашқы эксперименттік үлгілерді жасау үшін Жапонияда жеке зауыт салынады. Алдын ала мәліметтер бойынша, экологиялық таза отын 2025 жылға қарай алынуы мүмкін. Айта кету керек, өткен жылы British Airways авиакомпаниясы авиациялық отынды қоқыстан өндіру ниеті туралы хабарлаған. Арнайы зауыттың құрылысы 2021 жылға жоспарланған.
3130