ruenkz

Қостанай филиалы COVID 19 вирусына байланысты қауіпсіздік шараларын күшейтті

Салынған уақыты 31.03.2020 19:05

Әлемдегі жаңа коронавирусқа (COVID-2019) байланысты қолайсыз жағдайға байланысты, кәсіпорында сырқаттану жағдайларының пайда болуы мен оның одан әрі таралуына жол бермеу, алдын алу мақсатында «Қазаэронавигация»РМК басшылығы қызметкерлер үшін коронавирустық инфекцияның пайда болуының профилактикасына бағытталған бірқатар шаралар қабылдады. Оның ішінде әрбір қызметкер үшін профилактика бойынша жадынама әзірленді.

Осыған сәйкес Қостанай филиалында жеке құраммен сақтық шараларын сақтау бойынша әңгіме өткізілді. Коронавирус инфекциясының алдын алу бойынша жадынама барлық жұмыс орындарында қойылған. Филиал басшылығы кәсіподақ комитетімен бірлесіп профилактика шараларын күшейту бойынша қосымша іс-шаралар әзірледі. Бірінші кезекте дезинфекциялау құралдары, сондай-ақ қолды өңдеуге арналған антисептикалық препараттар сатып алынды. Наурыз мейрамы, шағын футболдан спорттық жарыстар сияқты алдын ала жоспарланған барлық іс-шаралар тоқтатылды. Қоғамдық көлікте қарым-қатынастан жұқтырып алмау үшін қызметкерлерді өз көлігімен жұмысқа апару және жұмыстан жеткізу мәселесі шешілді.

Жеке гигиена шаралары күшейтіліп, қызмет бастықтарына қоластындағылардың жағдайын бақылау, аурудың симптомдары, оның ішінде ЖРВИ болған жағдайда шұғыл шаралар қолдану туралы нұсқаулар берілді.

3472