AirAsia авиакомпаниясы небәрі 118 доллар тұратын лимитсіз жол жүру билетін іске қоспақшы
Салынған уақыты 02.04.2020 11:40
AirAsia авиакомпаниясы өз рейстерінде лимитсіз жол жүру билетін енгізбек. Әуе тасымалдарына жылдық абонемент құны жолаушылар үшін 118 долларды құрайды, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі. Жаңа ұсынысты AirAsia BIG ниеттестік бағдарламасының қатысушылары пайдалана алады. Жылдық жол жүру билеті саяхатшыларға Малайзиядан Австралияға, Жапонияға, Кореяға, Қытай мен Үндістанға лимитсіз ұшуға мүмкіндік береді.
Қызметті 6 наурызға дейін тасымалдаушының ресми сайтында немесе мобильдік қосымшада сатып алуға болады. AirAsia компаниясының хабарлауынша, аталмыш акция коронавирустың таралуы мен басқа тасымалдаушылар енгізген көптеген авиа шектеу шаралары аясында іске қосылды. «AirAsia әрдайым жаңашыл көзқараспен ерекшеленді. Бүгін біз ұшуларға қатысты қорқыныш аясында жолаушылардың сенімін қалпына келтіргіміз келеді және әуе сапарлары бұрынғысынша қауіпсіз екенін дәлелдегіміз келеді. Ең бастысы - ұшуларға жауапкершілікпен қарау және ДДҰ ұсыныстарын сақтау», - деді AirAsia бас директоры Беньямин Исмаил.
Сондай-ақ, ол лимитсіз жол жүру билеттерінің иелерінің өз бетінше саяхаттап, әр түрлі маршруттарды таңдағанда немесе бір бағытқа оралғанда шешуге құқылы екенін атап өтті. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін коронавирусқа байланысты осындай бастаманы қытайлық авиакомпания жасаған болатын. Spring Airlines лоукостері бағаны түсіріп, бір билетті 4 долларға сата бастады.
3115