Қазақстандық авиатасымалдаушылардың табысы бір айда үштен бірге қысқарды
Салынған уақыты 01.04.2020 15:36
Бүгінде Қазақстандық авиатасымалдаушыларға оңай болып отырған жоқ. Соңғы айда қаңтарға қарағанда олар 33% кем табыс тапқан. Ал алынбаған пайданың басым бөлігі жолаушылар тасымалына дөп келеді.
ҚР ҰЭМ Статистика комитетінің мәліметтеріне сәйкес, 2020 жылдың қаңтар айында Қазақстанның авиатасымалдаушылары 33,1 млрд теңге көлемінде табыс тапты. Екінші айда табыс көлемінің айтарлықтай, яғни 22,1 млрд теңгеге дейін төмендегенін көрсетті. Мұндай күрт айырмашылықты маусымдық тенденция деп атауға болмайды, өйткені өткен жылдың осындай кезеңдерінде динамика теріс болса да, 7% шеңберінен шықпаған болатын.
Авиакомпаниялар кірісінің құрылымындағы негізгі үлесті (97%) жолаушылар тасымалы құрайды, ал жалпы табыстың құлдырауына авиасаяхатшылар санының төмендеуі қатты әсер етті. ҚР Статистикалық комитеті бюллетенінің мәліметтеріне сәйкес, ақпан айында отандық авиакомпаниялардың жолаушылар айналымы (қаңтар айымен салыстырғанда) 20%-ға төмендеді.
Бұл жағдайға ҚХР-дағы коронавирус індеті, сондай-ақ жекелеген күндері ауа райының нашарлауы әсер етті. ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Азаматтық авиация комитетінің мәліметтеріне сәйкес, 3 ақпаннан бастап Қазақстан мен Қытай арасында әуе қатынасы тоқтатылды, ал бұл аптасына 34 тұрақ рейс орындалмайды деген сөз. Осыдан бұрынырақ Kursiv.kz наурыз айының басынан бастап Оңтүстік Кореяға, Иран мен Әзірбайжанға рейстер саны қысқартылады деп хабарлаған болатын.
Жалпы алғанда, ҰЭМ СК мәліметтеріне сәйкес, елдің ресми тіркелген барлық авиакомпанияларының табысы 2019 жылы 394 млрд.теңгеден асты. 2018 жылмен салыстырғанда өсім – 17%.
3872