ruenkz

Критте жаңа заманауи әуежай салынбақшы, ол аралға жыл бойы баруға мүмкіндік береді

Салынған уақыты 31.03.2020 15:29

Ираклионнан 40 шақырым жерде жаңа халықаралық Кастелли әуежайының құрылысы басталды. Жаңа әуе айлағы туристік маусым жанданған кезде жүктеме артығымен түсетін қазіргі әуежайдың жұмысын жеңілдетуге арналған. Бұл айлақ Кастелли ауылындағы әскери әуеайлақтың орнына салынады. Бұл туралы «Вестник АТОР» жазады.

Құрылыс жобасына сәйкес, жаңа әуежайда ұзындығы 3,2 км екі ұшу-қону жолағы болады, бұл барлық халықаралық стандарттарға сәйкес келеді. Перронда бір уақытта шамамен 30 ұшақты бұрып, тұраққа қоюға болады. Әуежай үлкен көлемдегі лайнерлерді, оның ішінде Airbus A380 қабылдай алады. Кастелли терминалының ғимараты жалпы көлемі 72 мың шаршы метр болатын 5 қабаттан тұратын болады, оның ішінде 13 мың коммерциялық пайдалануға арналған, ал 1 100 тұрақты көрме аймағына бөлінген. Жобаның құны 850 млн еуроны құрайды. Құрылысты аяқтау 2025 жылға жоспарланған.

Крит билігі әуе хабының құрылысының басталуына арналған шара барысында аралдағы ең үздік айлақ болатынын мәлімдеді. «Әуежай «Шығыс Жерорта теңізінің жүрегіне» салынбақшы: Криттен Батыс Еуропаның астаналарына дейін 4 сағат ішінде, Таяу Шығыс пен Солтүстік Африкадағы ірі қалаларға дейін одан да аз уақыт ішінде ұшуға болады. Мұндай көлікті пайдалану мүмкіндігі Криттің жыл бойы жұмыс істейтін бағытқа айналуына мүмкіндік береді», — деп мәлімдеді Грекия премьер-министрі Кириакос Мицотакис.

3312