Air Astana авиакомпаниясы MRO Russia & CIS сыйлығының лауреаты атанды
Салынған уақыты 30.03.2020 15:59
Air Astana авиакомпаниясы «Орталық Азиядағы ұшақтарға техникалық қызмет көрсетуді ұйымдастырудағы жетістіктері үшін» аталымы бойынша MRO Russia & CIS сыйлығының лауреаты атанды. Марапаттау рәсімі 10 наурызда Мәскеудегі Халықаралық сауда орталығында «Әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсетудің қазіргі жағдайы мен болашағы» MRO Russia & CIS 15-інші халықаралық көрмесі мен конференциясы аясында өтті. Бұл туралы авиакомпанияның баспасөз қызметі хабарлады.
«Air Astana үшін бұл марапатты алу ерекше құрмет. Бұл марапат біздің техникалық қызмет көрсету саласындағы жұмысымыздың жоғары деңгейде бағалануының дәлелі. Біз еңбегіміздің еленгеніне ризашылығымызды білдіреміз. Біздің алға қойған басты міндетіміз – техникалық базаны жетілдіру және авиакомпания үшін қаржылық және сапалық артықшылықтарға қол жеткізе отырып, жинақталған тәжірибені одан әрі арттыру - деді Air Astana авиакомпаниясының инженерлік-техникалық қызмет көрсету жөніндегі вице-президенті Кит Уордл».
Өткен жылы Air Astana Airbus A319/320 /321 ұшақтарына C-check қызметін көрсетуге мүмкіндік беретін мерзімді техникалық қызмет көрсетуді орындауға EASA (Еуропаның авиациялық қауіпсіздік агенттігі) сертификатын алды. Бұрын авиакомпания өз паркіне және басқа авиакомпаниялардың ұшақтарына желілік қызмет көрсетуді ғана жүзеге асырып келді. 2019 жылдың қараша айында Air Astana Airbus A320neo ұшағына алғашқы C-check қызметін көрсетуді Алматыдағы инженерлік-техникалық орталықта өткізді. Бүгінде тасымалдаушы Нұр-Сұлтан қаласындағы авиациялық-техникалық орталықта техникалық қызмет көрсетудің күрделі түрлерін жүргізу үшін техникалық базаны жақсарту бойынша жұмыстар жүргізуде.
Авиация техникасына техникалық қызмет көрсету саласындағы MRO Russia & CIS жыл сайынғы кәсіби сыйлығын 2006 жылы «Авиатранспортное обозрение» журналы ашқан болатын. Биылғы жылы көрме әлемнің 30-дан астам елінен 90-нан астам экспонент-компаниялардың басын қосты.
Толығырақ: https://kursiv.kz/news/kompanii/2020-03/air-astana-stala-laureatom-premii-mro-russia-cis
3624