ruenkz

Sabre технологиялары MIAT Mongolian Airlines бизнес-шешімдер қабылдауға көмектеседі

Салынған уақыты 12.03.2020 15:51

Моңғолияның ұлттық тасымалдаушысы — MIAT Mongolian Airlines (мемлекет бақылауында) коммерциялық жоспарлау және жолаушылар тасымалын дамыту үшін Sabre американдық IT-компаниясынан Market Intelligence Global Demand Data жүйесін пайдаланатын болады. Тиісті келісімге қол қою туралы 18 ақпанда жарияланды.

Sabre хабарлағандай, Моңғолия 2020 жылы 1 млн шетелдік туристерді тартып, туризмнен 1 млрд. пайда тартпақшы. Осы стратегия шеңберінде MIAT ӘК паркін және ұшу бағыттарының санын арттыруды жоспарлап отыр, бұған заманауи IT-технологияларды енгізу ықпал етуі тиіс.

Sabre Global Demand Data - бұл бүкіл әлем бойынша жасалатын, үкіметтік және салалық деректер көздерін, сондай-ақ GDS (жаһандық дистрибутивтік жүйелер) ақпаратын қамтитын авиациялық жолаушылар тасымалы туралы өзекті және толық деректер базасы. Осы деректерді талдау арқылы авиакомпаниялар ағымдағы операция жасау нарығында жаңа бағыттар мен кіріс алу стратегиясын әзірлеуі, сондай-ақ даму үшін әлеуетті мүмкіндіктер ашуы мүмкін.

 

987