ruenkz

Air New Zealand авиакомпаниясы экономкласта кереует орнатпақ

Салынған уақыты 11.03.2020 16:10

«2020 жылдың соңында Air New Zealand әуе компаниясы Economy Skynest атауын алатын жаңа қызмет көрсету класын ашуды жоспарлап отыр. Жолаушылар үшін толыққанды ұйықтайтын орындар жасалды» деп жазады тасымалдаушының баспасөз қызметі. Белгілі болғандай, арнайы жабдықталған ұйқыға арналған капсулалардың арқасында әуемен саяхаттаушылар аяғын созып қана қоймай, толыққанды демалуға да мүмкіндік алады.

Әрбір бортта осындай алты орынды енгізбекші. Air New Zealand ресми баспасөз релизінің ақпаратына сәйкес, әрбір капсуланың көлемі 200 см x 58 см құрайды. Жатын орын жастық, ақжайма және көрпемен жабдықталады. Барынша ыңғайлы және тыныштықта, жеке жату үшін тығыз матадан жасалған перделер қарастырылған. Сонымен қатар, оқуға арналған бөлек шамдар, желдеткіш тесіктер және USB қосатын нүктелер пайда болады. Авиакомпания өкілдерінің пікірінше, алыс рейстерде экономкласпен ұшатын саяхатшылар үшін жайсыздық, аяқты созу және жантайып жату мүмкіндігінің болмауы басты проблема болып табылады.

«Біз жатын капсулалар жасау бойынша үлкен жұмыс атқардық. Бүгінде біздің барлық авиалайнерлерге осындай жатын бөлмені енгізуге мүмкіндік бар деп сеніммен айтуға болады", — деді Air New Zealand маркетинг және клиенттерге қызмет көрсету жөніндегі директоры Майк Тод. Қазіргі уақытта авиакомпания патент рәсімдеуде және өзінің бірегей әзірлемесінің тауар белгісін тіркемекші. Бұл қызмет түрі Окленд-Нью-Йорк рейстерінде пайда болады деп болжануда. Келешекте жалпақ кереуеттер басқа маршруттарда да пайда болуы мүмкін.

3507