«Қазаэронавигация» РМК-да әскери-азаматтық үйлестіру мәселелері жөнінде кеңес өтті
Салынған уақыты 11.03.2020 13:08
25-28 ақпан аралығында «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ-ның басшылық етуімен Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің Әуе қорғанысы күштері, «Қазаэронавигация» РМК және «Қазгидромет» РМК өкілдерінің қатысуымен әскери-азаматтық үйлестіру мәселелері жөнінде кеңес өткізілді.
Кеңесте ағымдағы жылдың сәуір-мамыр айларында әуе шеруіне дайындық және оны өткізу кезеңінде Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін резервтеуді ұйымдастыру, әуе кеңістігін ұтымды пайдалану және метеорологиялық зондтарды ұшыру кезінде ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері, мемлекеттік авиация әуеайлақтарында ұшуды жүзеге асыру кезінде өзара іс-қимыл жасау бойынша проблемалық мәселелер талқыланды.
Кеңеске қатысушылар күн тәртібінің барлық мәселелерін мұқият қарап, олар бойынша мүдделі мемлекеттік органдар мен ведомстволарға тиісті тапсырмалар берілді және проблемалық мәселелерді шешу жолдары қарастырылды.
3481